Қосаяқ жануары туралы не білесіз?

Қосаяқ – тышқан тектес жануардың ең алыбы. Ол кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымына жатады. Оның бойы шамамен – 20 сантиметр (денесі кішілері де кездеседі). Ал оның құйрығының ұзындығы 25-30 сантиметрге шейін барады. Қосаяқтың аяқтары ұзын, жіңішке болғандықтан, ол 4 метрге дейін секіруге қабілетті. Сырт келбеті бойынша кенгуруге қатты ұқсайды.

Қосаяқтар ауа-райы ыстық аймақтарда мекендейді. Олар Еуропа, Орталық Азия, Моңғолия, Қытай және Солтүстік Америка секілді елдерде өмір сүреді. Қазақстанда Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары, оңтүстік Балқаш құмында кездеседі.  

Қосаяқ фото

Олар күндіз інінде паналап түнде азық іздеуге кіріседі.  Алайда, Қазақстанда мекендейтін  қосаяқтар күндізгі қосаяқтарға жатады. Қазақстан қосаяқтары таңға қарай далаға шығып, күн батпай жатып індеріне оралады. Олардың індері әркелкі. Мысалы, 20-30 сантиметр тереңдікте қазылған уақытша ін күн ыстығынан қорғайды. Сонымен қатар тұрақты індер де болады. Онда қосаяқтар індерінен шығатын бірнеше қосалқы жолды жасайды.


Қосаяқтар жеміс-жидек, дәнді дақыл, қоңыз, шегіртке секілді азықтармен қоректенеді. Бір күнде 63 грамм әр түрлі қорекпен азықтанады. Қыста інінде паналап, қысқы ұйқыға кетеді. Көктем мезгілінде ұйқыдан оянып, ұрпақ жалғастырады. Мамыр, шілде айларында 2 рет көбейеді. Қосяақтар адамды жақсы көргендіктен адамға жақын жерде паналайды. Оларды қолға үйрету қиындық тудырмайды. Және де кей мемлекетте қосаяқ үй жануары болып есептеледі.

Источник: massaget.kz

Қосаяқтар туралы деректер:

  • Қосаяқтар ішіндегі ең үлкені — жер қояны.
    1054;ның құйрығымен қоса есептегендегі ұзындығы — шамамен 50 см. Ал секіру ұзындығы 3 метр болады.
  • Құлағы үлкен жануарлар ішінде бірінші орынды ұзынқұлақты қосаяқ иемденеді. Сирек кездесетін бұл кішкентай жануардың үлкендігі 9 см ғана.
    1040;л құлағының ұзындығы — 5 см. Яғни құлағы денесінің жартысынан да үлкен.
  • Қосаяқ терісінде түктен бөлек сезгіш мұртшалар орналасқан. Әсіресе, тұмсық аумағындағы мұртшалар өте ұзын. Кейде бұл мұрташалар денесінің жартысына дейін жетсе, кейде құйрығына да жетеді екен. 

  • Кей қосаяқтар ғана төрт аяғымен жүреді. Оның өзінде, жылдам жүру керек болған жағдайда ғана. Қосаяқтардың көптеген түрі артқы аяқтарымен қозғалады. 
  • Бұл жануардың құйрығы бойынша қаншалықты жақсы қоректенетінін аңғаруға болады.
    1040;ш қосаяқтың құйрығында омыртқалары шығып тұрады. Ал тоқ қосаяқтың құйрығы домалақтау деуге болады. 

Источник: forum.stan.kz