Пластидтер − мембраналы органоид

Пластидтер − өсімдік жасушасының негізгі органоиді. Олар үшке бөлінеді: хлоропластар, хромопластар және лейкопластар.

Пластидтер (грек тілінен plastides — жасайтын, түзейтін) — эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады. Пластидтер меристемалық жасушалардың пропластидалардан онтогенезде біртұтас шығу тегі бар. Пластидалардың өзара айналулар мүмкін.

Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos − соғып жасау) − фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің клеткаішілік органоиды. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластға айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді.
лакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Тилакоидты граналар жуып, дестелеп қойған тостаған-табақшаны елестетеді. Онда пигменттер, электрон тасымалдағыш тізбек және ферменттер шоғырланады. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп атайды. Хлоропласт тилакоидты граналардың саны бірнешеу. Оларды өзара стромалық тилакоид жалғастырып тұрады. Стромада фотосинтездің биохимиялық реакциялары жүреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт сопақша, линза тәрізді. Оның ұзындығы 5 − 10 мкм, ені 2− 3 мкм. Әр клеткада шамамен 20−30-дай хлоропласт болса, балдырларда мөлшері өте үлкен, формасыз 1−2 данасы ғана болады.

Хлоропласт − қос мембраналы органод. Хлоропластың негізін құрайтын граналарда фотосинтез процесі жүреді. Хлоропласт құрамында нуклеин қышқылдары − ДНҚ, РНҚ және рибосомалар болады. Хлоропласт жасушасында АТФ молекуласы және көмірсулар синтезделеді.

Хромопластар (хромо… және грек. plastos − сомдалған) − ішкі құрылысы онша айқындалмаған, пигмент әсерінен сары, қызғылт сары, қызыл, кейде қызыл қоңыр түске боялған өсімдік клеткасы протоплазмасында болатын пластидтер. Хромопластардың пішіні шар, ұршық, орақ тәрізді болады. Хромопластардың түсін әр түрлі пластидтерде шоғырлану пішіні бірдей емес пигмент − каротиноид қамтамасыз етеді. Біреулерінде пигменттер белокты-липидті мембранада ыдырайды; екіншілерінде белок фибриллаларында жинақталады, ал үшіншілерінде кристалл түрінде болады. Хромопластарда қос мембрана болады, олардың көмегімен цитоплазмадан ажырайды.
омопластардың биологиялық маңызы зор, мұның құрамында биологиялық белсенді заттар − май ыдыратқыш D, E, K витаминдері және А1 провитамині, сондай-ақ тотықтырғыш және гидролиздік фермент болады. Хромопластар көбінесе жасыл хлоропластан, кейде реңсіз лейкопластардан не хондриосомадан (пішіні таяқша, түйіршік, жіп тәрізді екі мембранадан түзілген клеткаішілік тұрақты органоид) түзілуі мүмкін. Хромопластар айқас тозаңданатын өсімдіктердің жәндіктер арқылы тозаңдануын, жемістерінің құс арқылы таралуын жеңілдетеді.

Лейкопластар (гр. leukos− ақ және plastos − жасалған) − өсімдік жасушасындағы түрлі пішіндегі, (шар тәріздес, сопақ, эллипса тәріздес және т.б.), түссіз пластидтер. Көптеген жағдайларда күн сәулесінен қалтарыста жатқан ағзаларда, тамырда, түпте, тамырсабақтарда, тұқымда, сирек жарықтандырылатын өсімдіктерде кездеседі. Лейкопластар қабықшасы екі мембранадан тұрады. Лейкопластың ДНҚ-сы, рибосомы, сонымен қатар қордағы заттардың синтезделуін және гидролизделуін жүргізетін ферменттері бар. Лейкопласттардың физиологиялық орыны, органикалық заттарды синтездеу. Қайталанған крахмалды синтездеуші және жинақтаушы Лейкопластар амилопласт деп, майларды синтездеуші, элайопласт деп, белоктар, протеинопласт деп аталады.

Конспект сұрақтар:

Бейорганикалық заттардан энергиясы мол көмірсулар синтезделу құбылысын қалай атайды?
Сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттері бар пластид түрі:
Хлоропластағы көмірсу синтезіне энергия қоры қайдан алынады?
Хлоропластың ішкі және сыртқы мембраналарының қалыңдығы:
Хлоропластың ені:
Фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасушаішілік органоид:
Хлоропластың ұзындығы:
Өсімдік жасушасындағы түрлі пішіндегі, түссіз пластидтер:
Өсімдік жасушасының негізгі органоидін ата.
Өсімдіктерге түс беретін жасушаішілік органоид

Источник: vk.com

14.Өсімдік физиологиясына топырақ факторларының әсері.Топырақтың механикалық және химиялық құрамы.

Топырақ механикалық құрамы әр түрлі мөлшердегі қатты бөлшектердің арақатынасымен анықталады. Мысалы, құмды 0,01 мл ірі, 0,01 кіші болса сазды болып келеді. Негізінен топырақты, құмды, құмайт, саздақ және сазды деп бөледі. Егер топырақта құмның мөлшері артса, онда атмосфералық тұнбалар нашар ұсталады, яғни ылғалдың капиллярлық ағымы шектеулі. Керісінше, ауыр, сазды топырақта капиллярлы ағын жоғары болады. Топырақтың механикалық құрамына оның жылуы ауа режимі, сонымен қатар минералды заттардың топырақ бөлшектерінің беткі қабаттарының жұтылуы тәуелді. Топырақтың органикалық заттары: топырақта ыдыраған және жартылай ыдыраған органикалық қалыптар және олардың ыдырау өнімдері қоңыр түсті гуминді қышқылдар және өсімдіктер қорек ететін негізгі элементтер.

Гумус – өсімдіктермен сіңірілмейді, бірақ микроорганизмдердің бойына өтеді. Осылайша, гумус өсімдіктер қорегінің негізгі қорегі болып табылады. Қоңыр түсті гумус топырақтың жақсы жылу алуына оның жоғарғы ылғыл сыйымдылығы суды топырақта ұстауына ықпал етеді. Гумус минералды бөлшектерді тығыз байланыстырады және топырақтың құрылымын жақсартады. Бұл қасиеттің барлығы өсімдіктердің өсуіне жақсы жағдай жасайды. Топырақ коллоидтары өсімдіктер үшін топырақта коллоидты минералдар, органикалық және органоминералды заттар. Топырақтың коллоидтарының майда бөлшекті мөлшерлері үлкен суммалық бетке ие.

Топырақ ертіндісінің хемизмі. Өсімдіктер үшін бірінші кезекті қажетті экологиялық фактор болып т/ды. Өс-тер өсуіне және жағдайына топырақ ерітіндісінің реакциясы күшті әсер етеді. Ол топырақ қышқылдарымен н/е сілтілерімен байланысқан. Сонымен қатар, топырақтың жұту комплексіне кірген иондарына тәуелді. Өс-дің тіршілігі үшін қажетті топырақ ерітіндісінің фосфор, темір, калий, күкірт, азот т.б. элем-р жеткілікті болу к/к. Өс-дің тамырында жүретін физ-қ процестер және тыныс алуы үшін топырақ формаларын толтыратын ауа керек. Оның топырақ мөлшері құрылым ерекшеліктеріне ж/е су режиміне б/ты.

Құрғақ топырақта барлық поралар ауамен толыққан оның ылғалдануымен ауа ығыстырылады, ал оның газдары топырақ суында ериді.

Источник: StudFiles.net

Өсімдік клеткасының протопласында протоплазма мен ядродан басқа пластидтер де бар. Жасыл өсімдіктердің жапырақ клеткаларында, көп жасыл пластидтер — хлоропласт кездеседі. Пластидтер түссізде — лейкопласт, қызғылт қоңырда — фукопласт /қоңыр балдырларда/, қызғылттатародопласт /қызыл балдырларда/, қызғылт сарыда — хлоропласт болып келеді. Көп уақытқа дейін пластидтердің структурасы біркелкі / гомогенді/ болады деп келген еді.

1903 жылы К.А.Тимирязев хлоропластың құрылысы бірыңғай емес, гетерогенді гранулды екендігін эксперимент арқылы дәлелдеді. Пластидті қант ерітіндісіне салып және оған аздап су қосып отырғанда хлоропластың сыртқы жасыл қабаты ортаңғы түссіз қабатынан ажырағанын байқаған. Тимирязев хлорофилл хлоропластың ішінде емес, оның сыртқы қабатындағы гранулда бірыңғай таралған деген қорытындыға келген. Кейіннен А.А. Табенцкий /1948 ж/ Тимирязевтің бұл пікірін жете зерттеп, мақұлдады. Жоғарыда аталған пластидтер қаншама бір-бірінен өзгеше болса да, олардың барлығының да құрылысы, принципі бірдей — олар түссіз протоплазматикалық негізі стромадан және боялғыш заттардан тұрады.

Қазіргі кездегі электроскопиялық зерттеулер хлорофилдің құрылысы гранулды екендігін толық дәлелдеді. Табенцкийдің зерттеулері бойынша хлоропласт гранулалары стромаға қарағанда өте тығыз, төзімді екендігін және олардың, кейбір жағдайларда, стромада оңай бөлінетіндігін анықтады. Сонымен бірге Табенцкийдің зерттеулері хлорофилл дәнінің тұрақты статистикалық дене емес, белгілі бір заңдылыққа лайық өзгеріп отыратын динамикалық дене екендігін дәлелдеді.

Мысалы: жас жапырақтың хлоропластары бірыңғай құрылысты, майда гранулды болып келсе, жетілген жапырақта ірі гранулды болып келеді, ал сарғайып келе жатқан ескі жапырақтарда хлоропластың стромасы суланып, кейде ол протоплазмаға жайылып кетеді де, ірі гранулдар протоплазмада бос жатады. Хлоропластың химиялық құрамын алып қарайтын болсақ, оның структуралық негізі белок екендігін көреміз. Хлоропластың денесі 30-45%-ға дейін белоктан /протоплазманың 80-95 %-ы белок/, 20-40% липоидты заттардан /пртоплазманың 2-3%-ы липоид/ тұрады.

Н.М. Сисакян, М.С.Черняк пластидтерде нуклеин қышқылдарын да тапқан. Хлоропласта өсімдік жапырағындағы барлық темірдің — 80%-ы, мырыштың- 70%-ы, мыстың — 50%-ы жинақталған. Бұл жағдайлар хлоропластың структуралық физика-химиялық құрылыстары да өте күрделі екендігін көрсетеді. Хлоропласт денесінің 75%-ы су болып келеді. Академик Н.М.Сисакянның зерттеулері бойынша хлоропласта күрделі ферменттер жинағы бар. Мұнда гидролитикалық та, тотықтыру, тотықсыздандыру ферменттері де бар. Сондықтан хлоропласта тек фотосинтез жүретін орын ғана деу қате болады. Бұлардың жалпы биологиялық рөлі өте үлкен.

Источник: ikaz.info