1.Хлоропласт граналарында орналасқан хлорофилл молекулаларының негізгі қызметі қандай?
1) фотосинтездің жарық және қараңғы фазаларын тездету
2) органикалық заттk.
9;қ заттарға дейін ыдырауы
4) рибосомадағы белок синтезіне қатысады
2.Инсулиннің артық мөлшері -ағзаның естен тануына әкеліп соқтырады. Себебі,-
1) адреналиннің мөлшер&.
099; глюкоза мөлшері азаяды
4) гликоген глюкозаға айналады
3.Құрбақаның , су қабыланының және қоянның бастарында шығыңқы орналасқан көздері мен тұмсықтарының маңыздыl.
#1072;уға
4) суда ауа оттегісімен тыныс алуға
4.Көздері гомологты мүше болып табылатындар:
1) адам мен құста
2) балық пен арада
3) бүркіт пен арада
4) бұғы мен қоңызда
5.Қозуды қ .
#1082;е түйіндері
4) рецептор
6. Ас қорыту каналындағы микробтар мен удың ағзаға енуіне кедергі келтіретіндер:
1) сыртқы дәнекерлі-ұлпалық қабат
2) бірыңғай салалы бұлшықеттің қалың қабаты
3) сілекейлі қабат
4) тамақтың ішек бойы қозғалу мүмкіндігі
7.
1046;арық кезіндегі жүйелік қозу қай жерде пайда болады?
1) көз қарашығында
2) құтышаларда
3) көз бұршағында
4) көру жүйкесінде
8.Ағзадағы бауырдың кедергілік ролінің маңызды.
72;ды
4) қанға түскен улы заттарды залалсыздандырады
9.Құс денесіндегі қауырсындардың ағзадағы жылудың сақталуына себепкерлігі неде?
1) олар діңше мен мамықтан құрал.
10;згіштігімен сипатталады
4) олар құйымшақ безінде түзілетін, май сұйықтығымен майланған
10.Қарын сөлінің құрамына кіретін тұз қышқылының қызметі –
1) сілекей фермен.
7;нттерінінің активтілігін жоғарылатады
3) тамақ құрамындағы органикалық заттарды ыдыратады
4) өттің әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады
11.Омыртқалы жануарлардағ.
;лық қан
3) артериальды қан
4) көмірқышқыл газына қанық қан
12.Ми сыңарының артқы аймағының зақымдалуы, мына мүшелердің қайсысының қызметінің бұзылуына әкеліп соғады?
1) есту
2) көру
3) сөйлеу
4) сезу
13.
1040;дам еркіне бағынбайтындар :
1) соматикалық нерв жүйесі
2) қозғалтқыш нерв
3) үлкен ми сыңарлары
4) вегативтік нерв жүйесі
14. Сілекей бөлу рефлексінің рефлекторлық доғасы қай жерден басталады?
1) сілекей безі
2) рецептор
3) қондырмалы нейрон
4) орындаушы нейрон
15.Дені сау адамның несебінде кездеспейтін не?
1) аммоний тұздары
2) белоктар мен эритроциттер
3)минеральды тұздар
4) пигменттер мен мочевиналар
16.Көру мүшесіндегі көз қарашығынан кейін орналасатын не?
1) тамырлы қабат
2) шыны тәрізді дене
3) көз бұршағы
4) торлы қабықша
17.Көз рецепторлары көз мүшесінің қай жерінде орналасқан?
1) шыны тәрізді денеде
2) тамырлы қабатта
3) торлы қабатта
4) көз бұршағында
18. Құстардағы зат алмасудың жоғары деңгейлі болуының себебі неде?
1) екі қанайналым шеңберінің болуы
2) артериальды және венозды қандардың толық бөлінуі
3) жүректің ритмикалық жұмысы
4) қарынша мен құлақша арасында клапандардың болуы
19.Қозғалу кезінде буындағы сүйектердің бір-бірімен қажалуын азайтатын не?
1) буын қапшығы
2) буын ішіндегі қарама- қарсылық қысым
3) буын сұйықтығы
4) буын шеміршектері
20. Иірім түтіктерінде болып жатқан өзгерістер неге әкеліп соқтырады?
1) бастың айналуы мен тепе-теңдіктің бұзылуына
2) ортаңғы құлақтың қабынуына
3) есту қабілетінің нашарлауына
4) сөйлеу қабілетінің бұзылуына
21. Өсімдіктің белгілі бір тұқымдасқа тиесілігінің негізгі көрсеткіші не?
1) тамыр жүйесінің құрылысы
2) жапырақтарының жүйкеленуі
3) гүл және жемісінің құрылысы
4) сабағының құрылысы
22.Торлы қабықшада не орналасқан?
1) көз бұршағы
2) көз қарашығы
3) көз қантамырлары
4) көз рецепторлары
23. Аш ішектің бүрлері арқылы қандай заттар сіңіріледі?
1) глюкоза мен аминқышқылдары қанға өтедіі
2) глицерин мен май қышқылдары қанға өтеді
3) барлық қоректік заттар қанға өтеді
4) барлық қоректік заттар бірінші лимфаға,сосын қанға өтеді
24.Жүйке жүйесінің құрылымдық және функциональдық бірлігі не?
1) жүйке ұлпасы
2) нейрон
3) нерв түйіндері
4) нервтер
25.Адам ағзасындағы гормондардың қызметі:
1) химиялық реакцияларды тездетеді
2) ферменттердің түзілуіне қатысады
3) қорғаныш қызметін атқарады
4) тіршілік әрекеттер процестерін реттейді

Источник: my-question.ru

ХЛОРОПЛАСТАР, КЛЕТКАНЫҢ ТІРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ. ЦИТОПЛАЗМА ҚОЗҒАЛЫСЫ. ТУРГОР, ПЛАЗМОЛИЗ, ДЕПЛАЗМОЛИЗ.

Жұмыстың мақсаты. Клеткада хлоропластардың формасы мен орналасуын оқып- үйрену. Цитоплазма қозғалысын бақылау.

  1. Тапсырма. Сужапырақ өсімдігі жапырағындағы хлоропластар ды анықтау.
  2. Тапсырма. Сужапырақ өсімдігі жапырағындағы цитоплазма қозғалысын бақылау.
  3. Тапсырма. Тургор және плазмолиз, деплазмолиз құбылысымен танысу.
  4. Тапсырма. Алынған өсімдік клеткасының суреін салу, хлорпластар, крахмал дәндері, клетка қабықшасы, вакуоль, ядро, цитоплазма және плазмолиздің түрлерін белгілеу.
  5. Қайталау сұрақтарына жауап беру.

Пластидтер (хлоропластар, хромопластар, лейкопластар) — өсімдіктер клеткасының негізгі органелласы. Олар жарық микроскопы арқылы жақсы көрінеді. Пластидтер цитоплазмада орналасқан. Цитоплазма тірі материяның биологиялық қасиеттері бар түссіз сұйықтық. Тірі клеткада цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Қозғалыс жылдамдығы клетканың физиологиялық күйіне және сыртқы орта жағдайларына (жарық, температура) байланысты.

Жұмыстың орындалу барысы.

1- тапсырма. Сужапырақ өсімдігі жапырағындағы хлоропластар.

  • Сужапырақ өсімдігі жас өркенінің ұшынан 1-2 см төмен орналасқан жапырақтың біреуін пинцет арқылы алып, заттық шыныдағы тамшы суға салу, абайлап жабын әйнекпен жабу;
  • Препаратты микроскоп үстелшесіне, жапырақтың шеті көрінетіндей қою. Алдымен кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқыш арқылы қарау;
  • Жапырақ шетінде сопақша, жіңішке, ашық жасыл түсті клеткалар, ал ортасында паренхималық клеткалар және қара жолақтар ретінде клетка аралықтар бар. Жапырақ шетінде клеткалар бір қатар орналасқан, сондықтан оларды оқып- үйренуде жұқа кесінділер жасау қажет емес. Бүйір жағында орналасқан хлоропластар пішіні линза тәріздес;
  • Алынған өсімдік клеткасының суреін салу, хлорпластар, крахмал дәндері, клетка қабықшасы, вакуоль, ядро, цитоплазманы белгілеу.
  1. тапсырма. Цитоплазма қозғалысы.

Тапсырмаға түсініктеме

Өсімдіктер клеткасына тірі организмнің барлық функциялары тән: қоректену, тыныс алу, қозғалу, көбею және т.б.. Тіршілік процестерін толық теориялық курста қарастырады. Студенттер лабораториялық-практикалық сабақтарда цитоплазма қозғалысы, тургор, плазмолиз және деплазмолизді қарастырады.

Клеткада цитоплазманың екі түрлі қозғалысы бар: ротациялық (айналмалы) және циркуляциялық. Цитоплазманың ротациялық қозғалысы клетка ортасында ірі орталық вакуольдің болуы кезінде, ал циркуляциялық қозғалыс клеткада бірнеше вакуоль болғанда байқалады.

Жұмыстың орындалу барысы.

  • жұмыста жасалған препараттан кіші ұлғайтқыш арқылы цитоплазма қозғалысын бақылау;
  • Ол үшін орталық ұзарған клеткалар жақсы көріну үшін, препаратты қозғайды;
  • Назарды бір хлоропластқа аударып, цитоплазмада оның қозғалысын бақылайды;
  • Егер клеткада орталық, бір вакуоль болса цитоплазма клетка қабықшасын жағалай қозғалады. Бұл цитоплазманың ротациялық қозғалысы;
  • Егер клеткада бірнеше вакуоль болса, цитоплазма қанша жерге бөлінсе, олардың әрбір бөлігінде цитоплазма ретсіз, әртүрлі бағытта қозғалады. Бұл цитоплазманың циркуляциялық қозғалысы.
  • Бір клетканың суретін салу, стрелка арқылы цитоплазма бағыттарын (ротациялық, циркуляциялық) көрсету.

3-тапсырма. Тургор, плазмолиз және деплазмолиз құбылысы.

Тапсырмаға түсініктеме. Тургор және плазмолиз – цитоплазманың жартылай өткізгіштік қасиетіне, яғни су мен минералды заттарды өткізу, ірі молекулалық ерітіндіні ұстап қалу қасиеттеріне негізделген клетканың физиологиялық қасиеті. Клеткаға жеткілікті мөлшерде су келіп түскенде, клетка шырынына сіңірілген су, қабырғаны керіп, протопластқа қысым түсіреді, клетканы ісінген қалыпқа келтіреді. Клетканың осындай күйін тургор деп атайды.

Тургорға қарама- қарсы құбылыс, протопласт клетка қабықшасынан алшақтап, суды жоғалтуы плазмолиз құбылысы деп аталады. Осы құбылысты жасанды түрде туғызуға болады. Клеткаға гипертониялық ерітіндімен (осмос қысымы клетка ішіндегі осмос қысымынан жоғары, мысалы: сахароза, калий, натрий селитрасы, глицерин) әсер ету қажет.

Ал, клетканы гипотоникалық ерітіндіге салғанда, яғни таза суға батырса су цитоплазмаға еніп, вакуоль көлемі ұлғаяды, клетка тургорлық күйге келеді. Осы құбылыс деплазмолиз деп аталады.

Сужапырақ өсімдігінің жапырағы плазмолиз, деплазмолиз құбылыстарын оқып үйренуде жақсы обьект борлып саналады. Сондықтан 2- жұмыста даярланған препаратты пайдалануға болады.

Жұмыстың орындалу барысы:

  • Препаратты микроскоп үстелшесінен алмай тұрып, үлкен ұлғайтқыш арқылы паренхималық клеткалар құрылысын қарау, ірі паренхималық клетканы таңдап алу, клетканың қалыпты жағдайы, яғни тургорлық күйін анықтау, 2-3 клетканың суретін салу;
  • Плазмолизді туғызу үшін, препаратты заттық үстелшесінен алып, жабын әйнекті ашып, 8 проценттік ас тұзы ерітіндісін тамызып, жабындық әйнекпен жабады да, кіші ұлғайтқыш арқылы қарайды, біраз уақыттан соң протопласт клетка қабықшасынан алшақтайды (бұрыштық плазмолиз), одан соң ішке қарай клетка қабықшасынан әртүрлі көлемде ойыстанып, қашықтайды (ойыс плазмолиз). Одан кейін цитоплазма клетка қабықшасының ішкі бетінен толық ажырап, клетка ортасында домаланады (дөңес плазмолиз);
  • Плазмолиздің әртүрлі сатыларын көрсете отырып, бірнеше клетканың суретін салу;
  • Препаратты микроскоп үстелшесінен алып, жапырақты ыдыстағы суға салады, қайтадан препарат даярлайды;
  • Деплазмолиз құбылысын бақылап, суретін салу;
  • Қайталау сұрақтарына жауап беру.

ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

  1. Хлоропласттың пигменттік құрамы , атқаратын қызметі қандай?
  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропласты мен төменгі сатыдағылар хроматофорларының пішіндері қандай?
  3. Хлоропластың мембраналық құрылысы ( строма, тилакоидттар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?
  4. Алғашқы крахмал қандай процестің нәтижесінен пайда болады?
  5. Цитоплазманың қозғалысы, түрлері.
  6. Цитоплазманың ротациялық және циркуляциялық қозғалыстары клеткада қай уақытта болады?
  7. Клетканың тургорлық күйі.
  8. Плазмолиз, деплазмолиз құбылыстары және оларды болғызу жолдары қандай?

Источник: kazaksha.info

Өсімдік клеткасының протопласында протоплазма мен ядродан басқа пластидтер де бар. Жасыл өсімдіктердің жапырақ клеткаларында, көп жасыл пластидтер — хлоропласт кездеседі. Пластидтер түссізде — лейкопласт, қызғылт қоңырда — фукопласт /қоңыр балдырларда/, қызғылттатародопласт /қызыл балдырларда/, қызғылт сарыда — хлоропласт болып келеді. Көп уақытқа дейін пластидтердің структурасы біркелкі / гомогенді/ болады деп келген еді.

1903 жылы К.А.Тимирязев хлоропластың құрылысы бірыңғай емес, гетерогенді гранулды екендігін эксперимент арқылы дәлелдеді. Пластидті қант ерітіндісіне салып және оған аздап су қосып отырғанда хлоропластың сыртқы жасыл қабаты ортаңғы түссіз қабатынан ажырағанын байқаған. Тимирязев хлорофилл хлоропластың ішінде емес, оның сыртқы қабатындағы гранулда бірыңғай таралған деген қорытындыға келген. Кейіннен А.А. Табенцкий /1948 ж/ Тимирязевтің бұл пікірін жете зерттеп, мақұлдады. Жоғарыда аталған пластидтер қаншама бір-бірінен өзгеше болса да, олардың барлығының да құрылысы, принципі бірдей — олар түссіз протоплазматикалық негізі стромадан және боялғыш заттардан тұрады.

Қазіргі кездегі электроскопиялық зерттеулер хлорофилдің құрылысы гранулды екендігін толық дәлелдеді. Табенцкийдің зерттеулері бойынша хлоропласт гранулалары стромаға қарағанда өте тығыз, төзімді екендігін және олардың, кейбір жағдайларда, стромада оңай бөлінетіндігін анықтады. Сонымен бірге Табенцкийдің зерттеулері хлорофилл дәнінің тұрақты статистикалық дене емес, белгілі бір заңдылыққа лайық өзгеріп отыратын динамикалық дене екендігін дәлелдеді.

Мысалы: жас жапырақтың хлоропластары бірыңғай құрылысты, майда гранулды болып келсе, жетілген жапырақта ірі гранулды болып келеді, ал сарғайып келе жатқан ескі жапырақтарда хлоропластың стромасы суланып, кейде ол протоплазмаға жайылып кетеді де, ірі гранулдар протоплазмада бос жатады. Хлоропластың химиялық құрамын алып қарайтын болсақ, оның структуралық негізі белок екендігін көреміз. Хлоропластың денесі 30-45%-ға дейін белоктан /протоплазманың 80-95 %-ы белок/, 20-40% липоидты заттардан /пртоплазманың 2-3%-ы липоид/ тұрады.

Н.М. Сисакян, М.С.Черняк пластидтерде нуклеин қышқылдарын да тапқан. Хлоропласта өсімдік жапырағындағы барлық темірдің — 80%-ы, мырыштың- 70%-ы, мыстың — 50%-ы жинақталған. Бұл жағдайлар хлоропластың структуралық физика-химиялық құрылыстары да өте күрделі екендігін көрсетеді. Хлоропласт денесінің 75%-ы су болып келеді. Академик Н.М.Сисакянның зерттеулері бойынша хлоропласта күрделі ферменттер жинағы бар. Мұнда гидролитикалық та, тотықтыру, тотықсыздандыру ферменттері де бар. Сондықтан хлоропласта тек фотосинтез жүретін орын ғана деу қате болады. Бұлардың жалпы биологиялық рөлі өте үлкен.

Источник: ikaz.info

Хлоропластағы пигменттер жүйесі екі негізгі топқа бөлінеді: 1. Тетрапирролдар: хлорофилдер — магний порфириндер; фикобилиндер; 2. Полиизопреноид тектес пигменттер — каротиноидтар. Бұл топтардың әр қайсысының құрамына көптеген, химиялық, физикалық қасиеттері бір — біріне ұқсай бермейтін жеке пигменттер енеді.
Көлеңкеде өсетін өсімдіктердегі хлоропластардың саны көп (60 — 70 ) , көлемі үлкен келеді. Олардың жапырақтары да ірі болады, в — хлорофилл аз кездеседі. Күн сәулесінің әлсіз немесе күшті әсеріне байланысты пигменттердің неше түрі түзіледі. Қараңғы жерлерде өскен өсімдіктер құрамында хлорофилл аз болады, олардың түсі сарғайып кетеді. Жарық сапасы да пигменттердің жиналуына әсер етеді. Өсімдіктер әдетте күн сәулесін талғап сіңіреді.
Барлық клеткалардың ішкі құрамында, кейде хлоропластық ламеллалар деп аталатын, мембраналы жүйелерді байқауға болады. Олар гидрофилді белокты негізге немесе стромаға малынып жайғасады. Осы мембраналық құрылымның негізгі бөлігі — айналасы жалаң мембранамен көмкерілген қалташық немесе көпіршік сияқты тилакоид деп аталатын түзінді. Осы тилакоидтардың құрамында фотосинтездің фотохимиялық реакцияларына қажетті хлорофилл, қосымша пигменттер және ферменттер болады.
Клеткалардың көлемі ұлғайған сайын хлоропластардың саны да көбейе береді. Шпинат өсімдігінің палисадтық клеткасының біреуінде хлоропластардың саны 300 — 400 — ге жетсе, кеуек ұлпа клеткасында 200 — 300 — ге жетеді. Әдетте олар клетка жиектерінде плазмалемманы жанай орналасады. Барлық хлоропластардың құрамына оларға жасыл түс беретін хлорофилл пигменті болады. Қоңыр және қызыл балдырларда хлорофилдің жасыл түсі басқа реңді пигменттермен бүркеліп қалады.
Фотосинтезге минералдық қоректенудің әсері. Фотосинтез процесі толығынан жүзеге асу үшін көптеген минералдық элементтер де қажет. Олардың біразы пигменттердің, электрондар тасымалдаушы тізбек бөліктерінің, хлоропластағы катализдік жүйелердің құрамына еніп, фотосинтез реакцияларына тікелей қатысты болса, екіншілері клеткадағы басқа жүйелер арқылы жанама әсер етеді.

Источник: kurami.kzbydocs.com