Үштiк кезең. Кайнозой бiрдей емес екi кезеңге бөлiнедi: үштiк және төрттiк. Үштiк кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлер құрлық, су, ауаның әртүлi жағдайларына бейiмделiп, мезазойдағы бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Палеоцен мен эоценда жәндiкқоректiлерден алғашқы жыртқыштар түзiледi, ал олигоценде олардан қазiргi кездегi үлкен жыртқыштар: аюлар, мысықтұқымдастары, иттұқымдастары бөлiнiп шықты. Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында жыртқыштар теңiзге өте бастады, олардың ұрпақтары – ескекаяқтылар мен киттәрiздiлер. Ежелгi палеоцендi жыртқыштардан алғашқы тұяқтылар шықты, кейiн олар: жұпаяқтылар, тақаяқтылар, пiлтұмсықтылар бұтақтарын бердi.


Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында (әсiресе олигоценде) тропикалық және субтропикалық ормандар кең таралды, ал үштiк кезеңнiң соңына қарай (плиоценде) құрлықтың далалану процесi басталды. Венгриядан Монголияға қарай жайылған қоңыржай аймағында өскен тропикалық және саванналық ормандар климаттың құрғауына байланысты ашық ландшафтарға ауысты. Бұл өзгерiстер дәндi дақылды өсiмдiктердiң дамуына әкеп соқтырды, олар жабықтұқымдылардың жеке тобы және құрғақ, маусымды-қуаңшылық климатта тiршiлiк етуге бейiмделген. Дәндi дақылдардың пайда болуы мен таралуына байланысты далалар, саванналар, прериялардың үлкен аудандары да түзiлдi. Сонымен бiрге, шөптесiн дәндi дақылдардың жақсы қорытылатын және қорекке бай тұқымдары, жапырағы мен бұтақтары сүтқоректiлердiң тез дамушы топтарына тамаша қорек болды.

Құрлықтың далалануына байланысты сүтқоректiлер жабыны жоқ ортаға түстi. Сүтқоректiлердiң бiр тобы (тышқандар) эволюциясында күрделi iндер салу жолымен жүрдi, ал үлкен түрлерi (бөкендер және жылқылар) миграцияланған көшпендi тiршiлiк түрiне көштi.
ртiндеп саусақ саны азая бастады. Мысалы, ашық кеңiстiкке көшу жылқылардың ата-тегiнiң үш саусақтылықтан бiр саусақты түрге өтуiнiң қарқынды эволюциясына мүмкiншiлiк жасайды. Далаларды басып алу, табының мөлшерiнiң өсуiне, жанұя — топтық тiршiлiк табынды — үйiрлiгi өтуiне әкеп соқтырды. Таулы — орманды бөкен — горалланың кiшкене табынын дала сайғағының мыңдаған табынымен салыстырыңыз. Орман бұғысы: асыл маралдар, тарғыл изюбрлар — ешқайдан 20-30 бастан көп табын түзбейдi. Сiбiр бұғысының орманды түрасты үшiн үлкен топтары да белгiсiз, ал ашық ландшафтың мекендеушiлерi — тундралы сiбiр бұғылары үлкен табын түзедi.

Бiр сигналдар орнына сыртқы дүниеден сезiм мүшелерi қабылдайтын басқа сигналдар келедi. Орманда желденетiн ашық кеңiстiктерге қарағанда, иiс ұзақ сақталады. Сондықтан орман мекендеушiлерiнде маңызды орын алатын иiс пен дәм, ашық кеңiстiкте жануарлар арасындағы арақашықтық алыс болатындықтан маңызды емес. Табындағы иiс, дәм, көру және қимылдар екiншi орынға көшедi, ал дыбыс сигналдар мен есту мүшесi бiрiншi орынға шығады.


Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында сүтқоректiлердiң қазiргi отрядтары түзiлдi, ал ортаңғы кезеңiнде адамтәрiздi маймылдар мен адамдардың жалпы ата-тегi кең тарады.

Құрлықтың далалануы мен орман аудандарының қысқаруына байланысты адамтәрiздi маймылдардың бiр түрi орманға кеттi, екiншiлерi ағаш басынан жерге түсiп, ашық кеңiстiкте орын тептi. Соңғыларының ұрпағы үштiк кезеңде пайда болған адамдар болып табылады.

Төрттiк кезең; қазiргi кездегi ландшафтардың түзiлуi. Төрттiк кезең шамамен 1-1,5 млн жылға созылды. Уақыттың көп бөлiгi мұздық ғасырға- плейстоценге келедi. 12000- 20000 соңғы жылдарда соңғы ғасыр — голоцен болады. Плейстоценнiң басында Европа және СССР фаунасы жылу сүйгiш болды, көптеген субтропикалық түрлердi сақтады. Плейстоцен барысында Евразия және Солтүстiк Америка территориясы төрт рет мұздануға ұшырады. Мұздың тiлшесi Скандинавиядан басталып, Киевке, Харьковск және Воронежге жеттi. Антарктида, Исландия, Солтүстiк Жер, Франц-Иосиф Жерi, Памир және Тянь-Шянь мұздығы төрттiк мұзданудың қалдықтары.


Төрттiк кезең барысында мастодонттар (ежелгi пiлдер), мамонттар, қылыштiстi жолбарыс, үлкенмүйiздi бұғылар жойылды. Үлкен сүтқоректiлердiң жойылуына ежелгi аңшылар себеп болды. Олар мамонт пен Евразиядағы жүндi мүйiзтұмсықты, мастодонттарды, жылқыларды Америкадағы теңiз сиырларын құртып жiбердi. Үлкен жыртқыштардың жойылуы (үңгiр арыстаны, үңгiр аюы) адамның олардың жемтiгiн – үлкен тұяқтыларды жойып жiберуiмен байланысты.

Мұздану аймағындағы жылудың терiс балансы су буының қар түрiнде конденсациялануына әкеп соқтырды, ал мұздар мен қардың еруi жыл сайын түскен қардан аз су бердi. Құрлықта мұздың үлкен қорының жиналуы дүниежүзiлiк мұхиттың деңгейiнiң түсуiне әкеп соқтырды. Нәтижесiнде континентальдi Европа мен Британдық аралдар, Азия мен Солтүстiк Америка, Приамурье мен Сахалин арасында Үндi Қытай жартылай аралы мен Зонд архипелагының аралдары арасында құрлықтық көпiр түзiлдi. Құрлықтың бұл бөлiктерi арасында жануарлар мен өсiмдiктер арқылы алмасу жүрдi.


Құрлықтағы жануарлар мен өсiмдiктер арасындағы жолдар болатын құрлықтық көпiрлер бұрын араласатын теңiздер арасындағы фауна және флора алмасуына кедергi жасады. Азия мен Австралия арасында құрлықтық көпiрдiң болмауы, қарапайым сүтқоректiлер — клоакалы және қалталыларға өмiрiн сақтап қалды, олар үштiк кезеңде басқа континенттегi плацентарлы сүтқоректiлермен ығыстырылған.

Ескi дүниеде (Мадагаскардан басқа) адам 500 мың жыл бұрын мекендей бастады,. Соңғы мұзданудан бұрын (шамамен 35-40 мың жыл бұрын) қазiргi Беринг бұғазы арқылы өтетiн құрлықтық көпiр арқылы ежелгi аңшылар Азиядан Отты жерге дейiн қоныстанған Солтүстiк Америкаға өттi. Мұздықтардың еруi барысында мұздықтан босатылған территорияларға адамдардың екiншi қоныстануы жүрдi.


Шамамен 10000 жыл бұрын Жердiң жылы аудандарында (Орталық теңiз, Таяу Шығыс, Индия, Қытай) жануарларды үйге үйретiп, өсiмдiктердi мәдени түрге айналдыра бастады.

Адамның жинау мен аңшылықтан егiншiлiк пен мал бағуға өтуiмен байланысқан, «неолитикалық революция» басталды.

Адамның белсендi қызметi: жер жырту, ормандарды сиретiп, өртеу, жайылымдарды жасап, үй жануарларымен шөптердi таптау, тiкелей жою- көптеген дала жануарлар ареалының қысқаруы мен жойылуына (тур, тарлан), шөлдер ауданының кеңеюiне (Сахара, Қарақұм), қозғалғыш құмның пайда болуына әкеп соқтырды.

Ескi дүниедегi бүкiл төрттiк кезең адамның қатысуымен жүрдi. Бұл органикалық дүниенiң қазiргi кездегi түрлiк құрамын анықтады, организмдердiң қазiргi биогеоцендарды түздi және қазiргi аймақтылыққа әкеп соқтырды. Түртүзiлу мен таралуында құрлықтық көпiрлер, мұздықтармен изоляциялану үлкен роль атқарды. Төрттiк кезең бойы көптеген түрлер мен түрастылар дамыды.

Рамапитек Австралопитек Питекантроп


Кайнозой кезеңі

Кайнозой кезеңі
Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология Х1Х ғасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады.

 

 

Археологиялық қазба кезінде табылған Ramapіthecus миоцен – плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары ндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Неандерталдық Кроманьондық Homo sapіens Балканнан, тіпті Африкаға дейінгі континенттерден табылды (“рамапитектер” алғаш рет Үндістаннан табылып, Рама құдайының құрметіне соның атымен аталған).

Кайнозой кезеңі Кайнозой кезеңі
1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики Шығыс Африкадан миының көлемі 670 см3, болып табылатын 18 – 2.5 млн жылдар арасында тіршілік еткен “шебер адамның” қалдықтарын тапты.


 

Осы қабаттардан олардың өзен тастарынан жасап шығарған, ұштары үшкір еңбек құралдары да табылды. Осыған байланысты қазіргі ғылымда бұдан 2.5 млн жыл бұрын Шығыс Африкада адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бөлінген, яғни адам мен шимпанзенің эволюциялық линиялары екіге бөлінген деген көзқарас бар. Бұл тұжырымдар “молекулалық сағаттар” деп аталатын өлшемдер арқылы дәлелденді. Нүктелік мутациялар әсерінен гендердің өзгеру жылдамдығы (ДНК негіздерінің кейбір жұптарының өзгеруі) ұзақ уақыт бойына тұрақты болып, оны осы эволюциялық тармақтың негізгі түбірінен бөліну мерзімін анықтау үшін қолдануға болады.

Ғалымдар дәл осы Шығыс Африкада адамдардың пайда болу себебі ретінде, осы аймақта уран кен орындарынан бөлініп шығатын радиацияның жоғарғы дозаларының әсерінен болған мутациялық үрдістерді көрсетеді. “Шебер Адамды” австралопитектерге (“оңтүстік маймыл”) жатқызады, олардың қалдықтары 1924 жылы Африкадан табылған.
стралопитектердің миының көлемі адам тәрізді маймылдардың миының көлемінен үлкен емес, бірақ олар еңбек құралдарын жасай білген. Ява аралынан 1891 жылы табылған қалдықтар питекантроп деп аталды. 0.5 млн жыл бұрын өмір сүрген питекантроптардың бойы 150 см, ми көлемі 900 см3 болып, олар пышақ, бұрғы, т.б. қолдан жасалған кескіш құралдарды пайдаланған.

ХХ ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан “синантроп” (“қытайлық адам”) табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған.

1856 жылы Германиядағы Неандерталь жазығында 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды, олар неандерталдықтар деген атқа ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, қас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен.

Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен бас сүйегінің формасы мен көлемі (1600 см3) қазіргі заманғы адамдарға жақын, бойы 180 см, 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды.
#1201;лар нағыз “саналы адамдар” болып саналды. Осы дәуірде нәсілдерге бөлінушілік пайда болғандығы белгілі. Жекелеген бөлек топтарда ерекше белгілер (ақ нәсілділерде –ашық түсті тері, т.б.) қалыптаса бастаған.

Біздің заманымыздың жаратылыстану ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі – рамапитек – шамамен 14 млн жыл бұрын ндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен – сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн жыл бұрын бөлінген. Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі – австралопитек – Африкада 2-4 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары – зинджантроп табылды, ол 2-2.5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2.5 млн жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың қалдықтары табылды. Зинджантроптарадамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. “Шебер” деп аталуының себебі, олар алғашқы рет тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1.9-0.65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн жыл бұрын синантропжәне түрлі мәліметтер бойынша 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapіens – тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapіens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды.

Бұл жерде, антропогенездің – түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жоқ. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармақтары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін.

Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінің немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жақсырақ бейімделген қарсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды.

Ғалымдардың екінші бір тобы түрлі генетикалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап, үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам — алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан қазіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдықтар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді.

Сонымен адам эволюция процесінің нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай.

Эволюциялық шкалада жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұқсастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықтық даму стадиялары басқа организмдердің эволюциясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, соқыр ішек, шаш, жүн). Дегенмен, адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы – ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сияқты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың түсінікті ойлау қабілеті жоқ, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады.

Адамның екінші ерекшелігі – оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И.П.Павлов “белгілердің екінші жүйесі” деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы қарым-қатынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы арқылы ерекшеленеді.

Үшінші ерекшелік – еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлық жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оладра тіпті біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер тек қана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамдаы адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар – тік жүру, соның нәтижесінде қолдың босанып дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану.

Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу – адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды.

Жер қатты деген түсінік адамдардың санасында берік орын тепкен, сол себепті болар материктердің алып мұздар секілді ағып жүретінін және үнемі қозғалыста болатындығы түйсіну қарапайым сана үшін әлі де өте күрделі.

Дүние жүзінің географиялық картасына қарайтын болсақ, континеттердің жағалаулары үлкен су кеңістіктерімен қоршалғандығын және континенттерді бір біріне жақындатқанда жағалаулары дәлме – дәл келетінін байқауға болады. Шынымен де, жердің тарихының өте ертедегі кезеңдерінде бұл континенттер біртұтас болған деп айту да негізсіз емес. Кейінірек олар бөлініп, әлі күнге дейін Атлант мұхитын кеңейтіп жан-жаққа қарай жылжу үстінде.

Материктердің қозғалатындығы туралы идеяны Х1Х ғасырдың екінші жартысында А.Снайдер-Пеллегрини, америкалық геолог Ф.Тейлор (1910) және неміс геофизигі А.Вегенер (1912) ұсынды. Жер эволюциясы теориясының ішінде мобилизм теориясының пайда болуы А.Вегенердің есімімен байланысты, ол бұл теорияны 20 жылдардың соңына дейн толыққанды зерттеп қалыптастырды. Мобилизм теориясының қазіргі кезде төрт түрлі – геоморфологиялық, геологиялық, палеонтологиялық және палеоклиматологиялық фактілер тобына негізделіп, дәлелденген.

Қазіргі кезде, Жердің қабығы алты негізгі литосфералық плиталардан – Евроазиялық, Африкалық, Индо-Австралиялық, Тынық мұхиттық, Америкалық және Антарктикалық плиталардан тұратыны анықталды. Олардың араларында кішігірім плиталар орналасқан. Бұл плиталар салыстырмалы түрде тұрақты. Себебі олар тұтқыр жабысқақ мантияның үстінде сырғып қозғалады. Мантияның заттары терең қабаттардағы жоғары температуралардың әсерінен болатын конвекциялық ағыстардың нәтижесінде үнемі қозғалыста болып тұрады.

Плиталар арасындағы шекаралар геологиялық белсенді аймақтар болып саналады. Олардың біреулері бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып жатса, екінші біреулері бірінің үсітіне бірі шығып, үшіншілері жан жаққа жылжып, тағы да басқалары бір — біріне қарама қарсы бағыттарда қозғалып жатады. Тап осы

Пангеяның палеозой эрасынын соңындағы құрлысы литосфералық плиталардың шекараларында жер сілкінулер мен вулкандар атқылауы байқалады.Литосфералық плиталардың ажырау жылдамдықтары әртүрлі, мысалға: Атлант және Тынық мұхиттың солтүстік бөліктерінде бұл жылдамдық жылына 2-2.5 см. болса, Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде 10-12 см – ге тең.

Геологтардың мәлімдеуі бойынша, осы тектоникалық белсенділіктің жоғары кезеңдерінде магматизм де жоғарылайды. Вулкандардан бөлінген жыныстардың жастарын анықтау арқылы қысқа миллиондаған жылға ғана созылған тектоникалық-магмалық кезеңдердің анағұрлым ұзақ, 150-500 млн жылға созылған салыстырмалы тыныштық күйдегі эралармен кезектесіп отыратындығы дәлелденді. Жердің алғашқы миллиард жылындағы тіршілігі (катархей эрасы) туралы ешқандай геологиялық мәліметтер жоқ. Болжамдар бойынша, катархей эрасында базальтты лавалар атқылаған күшті вулкандар нәтижесінде алғашқы атмосфера, мұхит және мұхитқа ұқсас жер қабығы пайда болған. Шөгінді жыныстардың граниттену процестері бұдан 3.5-2.7 млрд жыл бұрын болашақ континенттердің ядроларының түзілуіне себеп болған.

 

Тақырып 7: В.И. Вернадский — биосфера туралы ілімнің негізін салушы

1.В.И. Вернадскийдың биосфера туралы ілімді құрастыру тарихы.

2.В.И.Вернадскийдьщ очерктері: «Ғарыштағы биосфера» және "Өмірдің аймағы".

3.Биосфераның тірі заты туралы концепция.

4.Биосферадағы тірі заттың глобальды рөлін аныктау.

Источник: helpiks.org

Күні: 07.03.2018ж

Сыныбы: 9 Б

Сабақтың тақырыбы: Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға кайнозой заманы, оның кезеңдері, ондағы ірі ароморфоздар туралы мағлұмат беру; жер тарихы, оның кезеңіндегі өзгерістер туралы білімдерін дамыта жетілдіру;

Дамытушылық: Оқушыларға Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шыгармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларға өсімдікті қорғауға адамгершілік, эстетикалық, салауатты өмір салтына ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: Аралас

Сабақтың өту әдісі: ауызша — баяндау, сұрақ жауап арқылы

Сабақтың пән аралық байланысы: География, тарих

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тақырып бойынша оқушылардан сабақ сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

1. Графикалық кесте:

Мазмұны

Ия

Жоқ

1.Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады.

2.Мезозой заманының климаты ылғал әрі суық.

3.Құрлықта өсімдікпен қоректенетін жорғалаушылар — листозаврлар тіршілік етеді.

4.Алып брахозаврлардың денесінің ұзындығы 30 м-ден асып, массаыс 50т-ға дейін жеткен.

5.Юра кезеңі мезозой заманының бірінші кезеңі болып саналады.

6.Құрлықта өзендер мен көлдерде крокодилдер азая бастады.

7.Бор кезінде атмосфера құрамында СО2 мөлшерінің артуына байланысты ауа райы құрғақ әрі жылы болады.

8. Бор кезінде алғашқы «мүйізді»диназаврлар — цератозаврлардың жаңа түрі пайда болады.

1.ия, 2.жоқ, 3.ия, 4.ия, 5.жоқ, 6.жоқ, 7.ия. 8.ия.

2. Тест:

1. Қай кезеңде қос мекенділердің басым көпшілігі жойылады:

А.Юра В. Бор С.Триас

2. Мезозой қанша кезеңдерге бөлінеді?

А.6 В.3 С.2

3. Бор кезеңінде қандай жануарлар шығады.

А.диназаврлар В.Гаттерия С.сүтқорктілер

4. Қай кезең Франция мен Швецарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады

А.Юра В.Триас С.Бор

5. Гүлді өсімдіктер қалай тозаңданады?

А.жел арқылы В. Өздігінен С.жәндіктер арқылы

6. Юра кезеңінде қандай өсімдіктер дамыды?

А. Жабық тұқымды В.Ашық тұқымды С. Гүлді өсімдіктер

7. Мезозой заманында бауырмен жорғалаушылар эволюциясы қанша тармаққа бөлінеді

А. 3, В.6 С.2

8 Сүңгитін су құсы қай кезеңде дамыды

А. Триас В. Юра С. Бор

9. Атлант мұхиты қай кезеңде пайда болды

А.бор В. Триас С. юра

10. Архозаврлардың осы күнгі өкілдері:

А. Гаттерия В. Крокодил С. жорғалаушылар

Жауабы: 1. С, 2. В, 3.С. 4.А, 5С, 6.А, 7.В, 8С, 9С, 10В.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кайнозой эрасы – жер дамуының соңғы 60-70 млн. жылын қамтитын ең жаңа (кембрийге дейінгі дәуірден есептегенде үшінші) эрасы; үш кезеңге — палеоген неоген кезеңдеріне және төрттік кезеңге — жіктеледі.

Кайнозой – осы заманғы тіршілік заманы. Кайнозой заманы көбінесе флорасы мен фаунасының осы заманғы туыстық, содан соң түрлік те құрамда болатындығымен сипатталады. Бүгінгі күні өмір сүретін тірі ағзалар түрлерінің барлығы ақырғы рет дәл осы заманда қалыптасты. Оның үстіне біз күні бүгін кайнозойда өмір сүрудеміз. Сондай-ақ жақын болашақта заманның алмасуы болмайын деп тұрған жоқ. Заманда үш кезең бар, оларды екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп жиі атайды.

  • Палеоген 41 миллион жылға жуық созылды. Климаты қазіргі заманға жақын болып келеді.Бор кезеңінде пайда болған жабық тұқымдылар өрлеуінен іле-шала бунақденелілердің, әсіресе өсімдіктерді тозаңдандырғыштардың өрлеуі де бірлес эволюциялық дамуы жолымен ілесе жүрді.

  • Неоген 23 миллион жылға созылды. Альпі, Гималай, Кор-дильер және Кавказ тау жүйелері қалыптаса түсті. Климаттың жалпы құрғақтығы жарыса салқындады. Антарктида толық мұзды құрлыққа айнала бастады.

  • Антропоген — бүл кезеннің дербес дережеде бөлінуіне адам негізін қалады. Антропологтардың адам туысын ежелғі приматтардың қайсысына жатқызуға болатыны женіндегі пікірі осы кезге дейін пікірсайыста жүр. Сондықтан бұл жөнінде ғалымдардың бір тобы бір жағынан антропоғен 3,5 миллион жылға жуық созылды десе, екінші тобы бар болғаны 600 мың жылга жуық созылды деғен пікір ұсынуда.Антропоген үшін тұтас алғанда өзіне сайма-сай тундралық флорасы және өзіне төн фаунасымен мұзбасу солтүстіғіне төн ерекшелік.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1.Кесте толтыру.

Заман

Кезең

Жануар

Өсімдік

Мезозой

триас

бауырымен жорғалаушылар,

триконодонттар

Ашық тұқымдылар

юра

Динозаврлар, археоптерикс

бор

түкті ара, бал ара, шыбын, көбелек,

алып құстар

Гүлді өсімдіктер

Кайназой

Үштік кезең

Сүтқоректілердің алуан түрлілігі,адам тектес маймылдардың жаратылуы

Жабықтұқымдылар кеңінен тарады, тайга мен тудра түзілді

Төртік кезең

Приматтар отряды

Шөптесін өсімдіктер

V. Қорытынды.

VІ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау

Источник: videouroki.net

Архей заманы – жер қыртысының тарихындағы көне заман. Біздің уақытымызға дейінгі оның жасы 3 500 млн жыл. Осы эрада жер бетінде тіршілік пайда болған. Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың қалдықтары табылған. Бұл ағзалар тіршіліктің ядросыз формалары – прокариоттарға жатады. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде теңіз сулары бірте-бірте оттегіге қаныққан.

Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан келесідей ірі араморфоздарды атап көрсетуге болады:

1) Прокариоттық ағзалардан эукариоттық ағзалардың дамуы.

2) Жасыл өсімдіктерге тән коректену әдісі фотосинтездің пайда болуы барлық тірі ағзаларды коректену және зат алмасу әдістері бойынша екіге бөлінуіне бастама берді: автотрофты әдіспен коректенуші жасыл өсімдіктер, дайын органикалық заттар мен коректенетін – гетеротрофтылар немесе жануарлар.

3) Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, сөйтіп гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.

4) Көпжасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенеді, ортаның жағдайларына бейімделушіліктер қалыптасты.

Протеразой заманы. Ең ұзаққа созылған (2 600 млн.жыл) бұл заманда алғашқы тау тұзілу әрекеті жүре бастады. Тіршілік аса күшті қарқынмен дамып, прокариоттардан эукариоттар, бір жасушалылардан көпжасушалылар пайда болды.

Протерозой заманындағы органикалық дүниенің дамуына ықпалын тигізген ароморфоздар келесідей:

Жануарларда екі жақтылық симметрия (билатеральды) қалыптасып, соның нәтижесінде қорғаныш қызметін атқаратын дененің арқа жағы, коректену мен қозғалуға икемді бауыр жағы, сол сияқты алдыңғы және артқы бөліктері ажыратылды. Алдыңғы бөлікте сезім мүшелері жүйке түйіндері орналасты.

Ең жоғары сатылы жануарлар – желілілер типінің алғашқы өкілдері шықты (қандауырша). Оларда энтодермадан түзілген желі бұлшықеттерге тірек қезметін атқарды. Түтік тәрізденген желі үстінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы тіршілік әрекеттерінің біршама қарқынды жүруіне әсер етті.

Желбезек түрінде тыныс алу мүшелері қалыптасты.

Палеозой заманы. Бұл ертедегі тіршілік заманы. Жасы – 570 млн. Жыл. Бұл заман 6 кезеңге бөлінеді: Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Карбон (тас көмір) және Пермь.

Кембрий. Қоңыржай климаты бар бұл кезеңде тіршілік негізінен суда болды. Құрлықта тек бактериялар мен көк-жасыл балдырлар тіршілік етті. Бұл дәуірдің орта шенінде тау түзілу әрекетінің қауырт жүруіне байланысты құрлықтың көп бөлігі су астынан босап шықты. Осы кезеңдегі айтарлықтай ароморфоз өсімдіктердің құрлыққа шығуы болды. Алғашқы құрлыққа шыққан өсімдіктер псилофиттер болды. Құрлыққа бейімделу барысында ұлпалар мен мүшелер түзілді. Олардың құрылысы күрделеніп, псилофиттер спора арқылы көбейетін жоғары сатылы өсімдіктермен алмасты. Ылғалы мол жылы климаттың әсерінен шаңжапырақ, қырықбуын қарқынды дами бастады. Жануарлар әлемінде губкалар, буылтыққұрттар, былқылдақ денелілер, буынаяқтылар өте көп болды. Буынаяқтылардың ең ертедегі өкілі трилобиттер кең тарала бастады.

Ордовик кезеңінде алуан түрлі жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар теңіз түбін қалың орман тәрізді алып жатты. Көптеген шоғырлы маржан полиптерінің қаңқасынан маржан рифтері түзілді. Басаяқты және бауыраяқты былқылдақденелілер одан әрі дами түсті.

Силур кезеңінің аяғында климат өзгеріп тау түзілу әрекетінің қауырт жүруіне байланысты құрлықтың көлемі артты. Теңіздерде тікентерілілер, сауытты балықтар пайда болды. Бұл кезеңдегі ең ірі ароморфоз буынаяқтылардың құрлыққа шығуы еді. Алғаш құрлыққа шыққан жәндік — өрмекші тәрізділер.

Девон кезеңінде климат одан әрі құрғап, теңіздердің көлемі азайып, тіпті шөл, шөлейт жерлер пайда бола бастады. Теңіздерде сауытты балықтар азайып, олардың орнын шеміршекті және сүйекті балықтар басты. Олардың ішінде қостынысты және саусаққанатты балықтар кішігірім су қоймаларын мекендеп, құрлыққа жақын жерлерде тіршілік етті. Девонның аяқ кезінде алып ағаштәрізді шаңжапырақтар мен қырықбуындардан тұратын ну ормандар құрлық бетін түгелдей алып жатты. Жануарлар әлеміндегі келесі ароморфоз қосмекенділердің құрлыққа шығуы болды.

Тас көмір кезеңінің жылы және ылғалды климаты құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл кездегі өсімдіктер спора арқылы көбейетін алып шаңжапырақтар қырықбуындар мен плаундар болды. Олардан кейін келе тұқыммен көбейетін шаңжапырақтар шықты. Ылғалы мол батпақты ормандарда ертедегі қосмекенділер стегоцефальдар тіршілік етті. Ірі қанатты буынаяқтылардан таракандар отряды мен шегірткелер ауада ұшып жүруге бейімделді. Тас көмір кезеңінің аяқ шенінде климаттың құрғап салқындауынан стегоцефальдар жойылып – сумен байланысын толық үзген нағыз құрлық жануарлары – бауырмен жорғалаушылар дамыды.

Пермь кезеңінде құрлықтың көлемі едәуір артып, климат одан әрі салқындай түсті. Алып ну ормандар экваторға қарай жылжып шаңжапырақ тәрізділер жойыла бастады. Оларды жалаңаштұқымды өсімдіктер ығыстыра бастады. Стегоцефальдар біржола жойылып, енді ертедегі бауырмен жорғалаушылардың түрлері дами бастады. Іштей ұрықтану және жұмыртқа жасушасында сары уыздың молаюы – бауырмен жорғалаушыларға құрлықта көбеюге мүмкіндік туғызды. Ұрықтың дамуы суда емес құрлықта жүретін болды, жұмыртқаның сырты қатты қабықпен жабылып, дамып келе жатқан ұрықтардың айналасында үш ұрықтық қабықша қалыптасты (амнион, аллантоис, серозды). Ұрықтық қабықшаның біреуі – амнион дамып келе жатқан ұрықтың айналасында сулы орта түзіп, аллантоис тыныс алу, зәр шығару қызметін, ал серозды қабықша қорғаныш қызметін атқарады. Жорғалаушылардың терісінің сыртына мүйізді қабыршақтан тұратын қорғаныш қабат пайда болды. Тыныс алу тек өкпе арқылы жүзеге асты. Жүректерінің қарыншасының ортасында толық емес бөлме пайда болды, тұлғамен аралас қан аққанмен, оның құрамында венозды қанға қарағанда артериальды қан көбірек болды. Сөйтіп денеде жүретін зат алмасу үрдісі біраз қарқындай түсті. Осындай бейімдеушілік белгілерінің дамуына байланысты палеозой заманының ең соңында бауырымен жорғалаушылардың алуан түрлі өкілдері әртүрлі тіршілік орталарын иемдене бастады. Птерозаврлар ауада қалықтап ұшып, ихтиозаврлар сулы ортаны, диплодок құрлықты мекендеді.

Мезозой заманы. Бұл орта ғасырда тау түзілу әрекеті көптеген аймақтарды қамтып, климат әлдеқайда құрғақ болып, құрлықтың көлемі арта бастады. Бұл заман үш кезеңді біріктірді: триас, юра, бор.

Триас. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар заманы деп атайды, өйткені сумен байланысы бар ағзалар тіршілігін жойып, олардың орнына нағыз құрлыққа бейімделген өсімдіктер мен жануарлар келді. Шаңжапырақ тәрізділерді жалаңаш тұқымды өсімдіктер, қосмекенділерді бауырмен жорғалаушылар ығыстырып шығарды. Бауырмен жорғалаушылар эволюциясы күшті қарқынмен дамып, олар барлық тіршілік орталарын игеріп алды.

Бұл дәуірдегі аса маңызды ароморфоз – жабықтұқымды өсімдіктер мен алғашқы қарапайым сүткоректілердің шығуы болды.

Юра кезеңінде жылы теңіздерде бірқатар басаяқты былқылдақденелілер өкілдері аммониттер мен белемниттер және теңіз бауырымен жорғалаушылары ихтиозаврлар мен плезиозаврлар тіршілік етті. Осы уақытта тіршілік еткен археоптерикс құстардың шығуына жол ашты.

Бор кезеңінде жалаңаштұқымды өсімдіктер көптеп жойылып, жабық тұқымдылар кең өріс алып, жер бетіне тарала бастады. Климат одан ары салқындап теңізден келетін ылғалды желді тау жоталары бөгеп, теңіз суы кейін шегініп, өсімдіктер қурап азая түсті. Сөйтіп мезозой заманының аяқ шенінде жер бетін, суды мекен еткен алып бауырымен жорғалаушылар сыртқы орта жағдайының қолайсыздығынан жойылып, олардың орнына құрылым дәрежесі әлдеқайда жоғары омыртқалылар – құстар мен сүткоректілер келіп шықты.

Кайнозой заманы. Бұл жаңа тіршілік заманында осы кәзіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Кайнозой екі кезеңді біріктіреді – үштік және төрттік кезеңдер.

Үштік кезеңнің алғашқы жартысындағы жылы климат тропиктік және субтропиктік флораның кең өріс алуына мүмкіндік тұғызды. Мәңгі жасыл қылқанды жапырақты ағаштардан тұратын ормандар жойылып, қысқа қарай жапырағын түсіретін жалпақ жапырақты ағаштармен алмасты. Бірте-бірте шөптесін өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер таралған, ашық далалы жерлер пайда болды. Міне, осы кезде бунақденекоректі сүткоректілерден приматтар отряды бөлініп шығып, одан әрі адам тәрізді маймылдар мен адамның қалыптасуына жағдайлар туа бастады. Ормандардың азаюына байланысты адам тәрізді маймылдардың кейбіреулері қалың орманның ішінде қалса, кейбір түрлері ағаштан жерге түсіп ашық далаларды мекендеді. Үштік дәуірінің соңында бұлардан адам пайда болды.

Төрттік кезең. Жер бетінде тіршіліктің дамуының ақырғы кезеңі. Бұл кезеңге тән сипат-бірнеше рет мұз басуды басынан өткізу. Мұз басудың нәтижесінде бірқатар ірі сүткоректілер жойыла бастады. Оларға мысалы, үнгір аюы мен үнгір арыстаны, алып құндыз, жүнді керік, қылыш тісті жолбарыс т.б. жатады. Осындай өліп біткен жануарлардың қазба қалдықтары Қазақстан территориясынан да көптеп табылды. Ірі топтағы сүткоректілердің жойылып кетуін ғалымдар алғашқы адамдардың аңшылық іс-әрекеті мен климат жағдайларына байланысты деп жорамалдайды. Ұсақ жануарлардың көпшілігі суықтан інге немесе ұяға тығылу арқылы көптеп сақталып қалды. Мұндай сүткоректілердің көбею мерзімдері қысқа қатаң климатқа бейімделуге ыңғайлы болды. Бертін келе жануарлар мен өсімдіктер әлемі кәзіргі қалыпқа келді.

Источник: vk.com

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … 5
2.1. Кайнозой эрасы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …5
2.2. Кайназойдағы тiршiлiктiң дамуы … … … … … … … .. … … … … … … … 6
2.3. Палеоген дәуірі … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … .10
2.4. Неоген дәуірі … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … .14
2.5. Четвертик дәуірі … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … …19
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … 25

І. КІРІСПЕ

Кайнозой эрасы (грек. kaіnos — жаңа, zoе — өмір) — Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты.
Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген, неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді.
Палеоген кезеңінде тектоник, белсенділік артқан.
Оның басты себебі — оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістан аумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен.
Палеоцен мен эоцен дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан бөлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған.
Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран) аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі — Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бөлініп кетті.
Паратетис батысында — Альпі, Карпатжәне Динар тауларының етегінен басталып, шығысында — Каспий мен Аралға дейін созылған.
Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын келген.
Миоценде Альпі — Гималай тау белдеуінің қалыптасуы жалғасып, олардың көптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік деңгейлерге төрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы пайда болды. Қарқынды көтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның шығысында,
Алтай — Саян алқабында, Байкал алды және Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі өзгерістер климаттың өзгеруіне әкелді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Кайнозой эрасы

Кайнозой (кайно — жаңа) эрасының тау жыныстары Қазақстанның тегістік аймақтарында кең таралған. Тау жыныстарының құрамы негізінде: саз балшық, құмтас, қайыр, шағыл тас жыныстарынан құралған. Қалыңдығы аз мөлшерде болады. Кайнозой эрасының теңіз шөгінділері батыс аймақтарда кездеседі. Шығыс, Оңтүстік, таулы аймақтарында континентал тау жыныстары кең таралған. Құрамында фауна, флора қалдықтарының сирек кездесуі себепті континентал қатпарлардың стратиграфиясын анықтау өте қиынға соғады. Кайнозой эрасын ағылшын ғалымы Филлипс 1841 ж. ұсынған. Кайнозой эрасы палеоген, неоген, четвертик (төрттік, антропоген) дәуірлеріне бөлінеді.
Кен байлықтар. Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары — Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран — Месопотамия мен Кордильер — Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.

2.2. Кайназойдағы тiршiлiктiң дамуы

Кайнозой — жаңа өмiр эрасы — гүлдi өсiмдiктердiң, жәндiктердiң және сүтқоректiлердiң гүлдену уақыты.
Сүтқоректiлер эволюцияның алдыңғы шегiнде. Динозаврлар тiршiлiк еткен кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлердiң ата-тектi тобы да болды — кiшкентай, жүндi жамылғысы бар жануарлар, олар бауырымен жорғалаушы жыртқыштардың бiр тобынан — тераспидтерден немесе аңтәрiздiлерден пайда болды. Ұзақ уақыт, шамамен 150 млн. жыл, алғашқы майда сүтқоректiлер үлкен кесiрткелер көлеңкесiнде қалып қалды. Бордың екiншi жартысында қалталы және плацентарлы сүтқоректiлер пайда болды. Олар прогрессивтi биологиялық ұйымдасқан едi. Ұзақ уақыт баланы ана денесiнде көтеру, эмбриондардың анасы мен ұрық қанайналымын байланыстыратын плацента арқылы қоректенуi — өзгерiп тұратын тiршiлiк жағдайларына жақсы бейiмделуiне мүмкiндiк беретiн сүтқоректiлер құрылысының прогрессивтi белгiсi.
Бауырымен жорғалаушылар дене температурасының тұрақсыздығына, жұмыртқалауына байланысты орта жағдайларының ауытқуына үлкен тәуелдiлiкте болды және таралуының шектеулi мүмкiншiлiгi болды. Тiрi туу, ұрпаққа қамқорлық және жылықандылық қасиеттерiне ие бола отырып, сүтқоректiлер бауырымен жорғалаушыларға қарағанда басым болып, орта өзгеруiне тәуелдiлiгi де азайды. Тiрi туу, жылықандылық, жақсы дамыған ми және онымен байланысқан жақсы белсендiлiк сүтқоректiлердiң прогрессiн қамтамасыз етiп, эволюцияның алдыңғы шегiне шығарды.
Үштiк кезең. Кайнозой бiрдей емес екi кезеңге бөлiнедi: үштiк және төрттiк. Үштiк кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлер құрлық, су, ауаның әртүлi жағдайларына бейiмделiп, мезазойдағы бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Палеоцен мен эоценда жәндiкқоректiлерден алғашқы жыртқыштар түзiледi, ал олигоценде олардан қазiргi кездегi үлкен жыртқыштар: аюлар, мысықтұқымдастары, иттұқымдастары бөлiнiп шықты. Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында жыртқыштар теңiзге өте бастады, олардың ұрпақтары — ескекаяқтылар мен киттәрiздiлер. Ежелгi палеоцендi жыртқыштардан алғашқы тұяқтылар шықты, кейiн олар: жұпаяқтылар, тақаяқтылар, пiлтұмсықтылар бұтақтарын бердi.
Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында (әсiресе олигоценде) тропикалық және субтропикалық ормандар кең таралды, ал үштiк кезеңнiң соңына қарай (плиоценде) құрлықтың далалану процесi басталды. Венгриядан Монголияға қарай жайылған қоңыржай аймағында өскен тропикалық және саванналық ормандар климаттың құрғауына байланысты ашық ландшафтарға ауысты. Бұл өзгерiстер дәндi дақылды өсiмдiктердiң дамуына әкеп соқтырды, олар жабықтұқымдылардың жеке тобы және құрғақ, маусымды-қуаңшылық климатта тiршiлiк етуге бейiмделген. Дәндi дақылдардың пайда болуы мен таралуына байланысты далалар, саванналар, прериялардың үлкен аудандары да түзiлдi. Сонымен бiрге, шөптесiн дәндi дақылдардың жақсы қорытылатын және қорекке бай тұқымдары, жапырағы мен бұтақтары сүтқоректiлердiң тез дамушы топтарына тамаша қорек болды.
Құрлықтың далалануына байланысты сүтқоректiлер жабыны жоқ ортаға түстi. Сүтқоректiлердiң бiр тобы (тышқандар) эволюциясында күрделi iндер салу жолымен жүрдi, ал үлкен түрлерi (бөкендер және жылқылар) миграцияланған көшпендi тiршiлiк түрiне көштi. Бiртiндеп саусақ саны азая бастады. Мысалы, ашық кеңiстiкке көшу жылқылардың ата-тегiнiң үш саусақтылықтан бiр саусақты түрге өтуiнiң қарқынды эволюциясына мүмкiншiлiк жасайды. Далаларды басып алу, табының мөлшерiнiң өсуiне, жанұя — топтық тiршiлiк табынды — үйiрлiгi өтуiне әкеп соқтырды. Таулы — орманды бөкен — горалланың кiшкене табынын дала сайғағының мыңдаған табынымен салыстырыңыз. Орман бұғысы: асыл маралдар, тарғыл изюбрлар — ешқайдан 20-30 бастан көп табын түзбейдi. Сiбiр бұғысының орманды түрасты үшiн үлкен топтары да белгiсiз, ал ашық ландшафтың мекендеушiлерi — тундралы сiбiр бұғылары үлкен табын түзедi.
Бiр сигналдар орнына сыртқы дүниеден сезiм мүшелерi қабылдайтын басқа сигналдар келедi. Орманда желденетiн ашық кеңiстiктерге қарағанда, иiс ұзақ сақталады. Сондықтан орман мекендеушiлерiнде маңызды орын алатын иiс пен дәм, ашық кеңiстiкте жануарлар арасындағы арақашықтық алыс болатындықтан маңызды емес. Табындағы иiс, дәм, көру және қимылдар екiншi орынға көшедi, ал дыбыс сигналдар мен есту мүшесi бiрiншi орынға шығады.
Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында сүтқоректiлердiң қазiргi отрядтары түзiлдi, ал ортаңғы кезеңiнде адамтәрiздi маймылдар мен адамдардың жалпы ата-тегi кең тарады.
Құрлықтың далалануы мен орман аудандарының қысқаруына байланысты адамтәрiздi маймылдардың бiр түрi орманға кеттi, екiншiлерi ағаш басынан жерге түсiп, ашық кеңiстiкте орын тептi. Соңғыларының ұрпағы үштiк кезеңде пайда болған адамдар болып табылады.
Төрттiк кезең; қазiргi кездегi ландшафтардың түзiлуi. Төрттiк кезең шамамен 1-1,5 млн жылға созылды. Уақыттың көп бөлiгi мұздық ғасырға- плейстоценге келедi. 12000- 20000 соңғы жылдарда соңғы ғасыр — голоцен болады. Плейстоценнiң басында Европа және СССР фаунасы жылу сүйгiш болды, көптеген субтропикалық түрлердi сақтады. Плейстоцен барысында Евразия және Солтүстiк Америка территориясы төрт рет мұздануға ұшырады. Мұздың тiлшесi Скандинавиядан басталып, Киевке, Харьковск және Воронежге жеттi. Антарктида, Исландия, Солтүстiк Жер, Франц-Иосиф Жерi, Памир және Тянь-Шянь мұздығы төрттiк мұзданудың қалдықтары.
Төрттiк кезең барысында мастодонттар (ежелгi пiлдер), мамонттар, қылыштiстi жолбарыс, үлкенмүйiздi бұғылар жойылды. Үлкен сүтқоректiлердiң жойылуына ежелгi аңшылар себеп болды. Олар мамонт пен Евразиядағы жүндi мүйiзтұмсықты, мастодонттарды, жылқыларды Америкадағы теңiз сиырларын құртып жiбердi. Үлкен жыртқыштардың жойылуы (үңгiр арыстаны, үңгiр аюы) адамның олардың жемтiгiн — үлкен тұяқтыларды жойып жiберуiмен байланысты.
Мұздану аймағындағы жылудың терiс балансы су буының қар түрiнде конденсациялануына әкеп соқтырды, ал мұздар мен қардың еруi жыл сайын түскен қардан аз су бердi. Құрлықта мұздың үлкен қорының жиналуы дүниежүзiлiк мұхиттың деңгейiнiң түсуiне әкеп соқтырды. Нәтижесiнде континентальдi Европа мен Британдық аралдар, Азия мен Солтүстiк Америка, Приамурье мен Сахалин арасында Үндi Қытай жартылай аралы мен Зонд архипелагының аралдары арасында құрлықтық көпiр түзiлдi. Құрлықтың бұл бөлiктерi арасында жануарлар мен өсiмдiктер арқылы алмасу жүрдi.
Құрлықтағы жануарлар мен өсiмдiктер арасындағы жолдар болатын құрлықтық көпiрлер бұрын араласатын теңiздер арасындағы фауна және флора алмасуына кедергi жасады. Азия мен Австралия арасында құрлықтық көпiрдiң болмауы, қарапайым сүтқоректiлер — клоакалы және қалталыларға өмiрiн сақтап қалды, олар үштiк кезеңде басқа континенттегi плацентарлы сүтқоректiлермен ығыстырылған.
Ескi дүниеде (Мадагаскардан басқа) адам 500 мың жыл бұрын мекендей бастады,. Соңғы мұзданудан бұрын (шамамен 35-40 мың жыл бұрын) қазiргi Беринг бұғазы арқылы өтетiн құрлықтық көпiр арқылы ежелгi аңшылар Азиядан Отты жерге дейiн қоныстанған Солтүстiк Америкаға өттi. Мұздықтардың еруi барысында мұздықтан босатылған территорияларға адамдардың екiншi қоныстануы жүрдi.
Шамамен 10000 жыл бұрын Жердiң жылы аудандарында (Орталық теңiз, Таяу Шығыс, Индия, Қытай) жануарларды үйге үйретiп, өсiмдiктердi мәдени түрге айналдыра бастады.
Адамның жинау мен аңшылықтан егiншiлiк пен мал бағуға өтуiмен байланысқан, неолитикалық революция басталды.
Адамның белсендi қызметi: жер жырту, ормандарды сиретiп, өртеу, жайылымдарды жасап, үй жануарларымен шөптердi таптау, тiкелей жою- көптеген дала жануарлар ареалының қысқаруы мен жойылуына (тур, тарлан), шөлдер ауданының кеңеюiне (Сахара, Қарақұм), қозғалғыш құмның пайда болуына әкеп соқтырды.
Ескi дүниедегi бүкiл төрттiк кезең адамның қатысуымен жүрдi. Бұл органикалық дүниенiң қазiргi кездегi түрлiк құрамын анықтады, организмдердiң қазiргi биогеоцендарды түздi және қазiргi аймақтылыққа әкеп соқтырды. Түртүзiлу мен таралуында құрлықтық көпiрлер, мұздықтармен изоляциялану үлкен роль атқарды. Төрттiк кезең бойы көптеген түрлер мен түрастылар дамыды.

2.3. Палеоген дәуірі

Палеоген дәуірі (палео — ескі, көне; генезис-шығу тегі) Жер қабығының геологиялық тарихының кайнозой эрасының алғашқы дәуірі. Палеоген жүйесі 1866 ж. неміс геологы К. Науманның зерттеу жұмысының нәтижесінде тағайындалды. Палеоген дәуірінің тау жыныстары Францияда-Париж бассейінінде, рус платформасынын, оңтүстік аймақтарында, Ставропольде, Қазақстанда, Орталық Азияның батыс аймақтарында кең таралған. Палеоген дәуірінің абсолют жасы 67 млн, жыл бұрын басталып, 41 млн. жылға созылған. Палеоген дөуірінің органикалық дүниесі: балықтар, сүт қоректілер, қазіргі заман өсімдіктері.
Палеоген дәуірінін қатпарларында Торғай, Қостанай аймақтарында, Маңғыстау түбегінде, Оңтүстік Украинада — марганец, темір кендері бар. Балтық теңізінің оңтүстік жағалауында янтарь минерал байлығы кездеседі. Палеоген дәуірі палеоцен, эоцен, олигоцен болып үшке бөлінеді (2.1-кесте).
2.1-кесте
Дәуір
Бөлім (отдел)
Кіші бөлім
Неоген
Миоцен
Төменгі

Олигоцен
Ортаңғы

Төменгі
ПАЛЕОГЕН
Эоцен
Жоғарғы

Ортаңғы

Палеоцен
Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

Кайнозойдың басында фораминиферлердің, моллюскілердін, мшанкалардың, тікен терілердің және құстар мен сүт қоректілердің, жаңа топтары шықты. Миының күрделілігіне, баласын тірі тууына, жылы қандылығына байланысты сүт қоректілердің бауырмен жорғалаушылардан тіршілік ету қабілеті артық болды. Бұлардың біразы, құрлықтағы алуан түрлі тіршілік етуге (кит тәрізділер, ескек аяқтылар), үшіншілері ұшуға (жарқанаттар) бейімделді.
Мезозой мен кайнозой тоғысында бұрынғы теңіз және жер беті жануарлары қырылып, мезозой жорғалаушыларының бірқатар тобы толығымен жойылды. Олардың орнын тез дами бастаған сүт қоректілер басты. Теңіз алаптарын жайлаған алғашқы сүтқоректілер — киттер, сиреналар, дельфиндер.
Рептилиялардан — қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар пайда болды.
Приматтардың ең қарапайым түрі лемурлар, ірі ұзын тұмсықтылар (хоботтылар) мен қалталылар да пайда болды. Су жәндіктерінен қос жақтаулы және бауыр аяқты моллюскілер, фораминиферлер, … жалғасы

Источник: stud.kz